Пожалуйста, используйте этот идентификатор, чтобы цитировать или ссылаться на этот ресурс: http://hdl.handle.net/123456789/1051
Название: Солтүстік Қазақстан жағдайында аңыздық танапта орналасқан жаздық жұмсақ бидайдың конкурстық сорт сынау линияларына салыстырмалы баға беру
Авторы: Махсотов, Г. Г.
Ключевые слова: отандық басылым
мерзімдік басылым
журнал кксон
ғылыми журнал
дәнді дақылдар
жаздық жұмсақ бидай
дәнді дақылдар
Дата публикации: 2019
Издательство: Ғылым және білім №1
Краткий осмотр (реферат): Бидай – бүкіл әлемде 148 елдін негізгі азық-түлігі болып табылады және көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады. Қазақстан Республикасы дүние жүзінде бидайды экспортқа шығарушы елдердің қатарында 6 орын алады. Бидай өнімін және оның сапасын арттырудың ең тиімді, сонымен бірге бидай өндірісінің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін негізгі фактор – сорт. Кез-келген дақылдың сорттарының өз әлеуетті мүмкіндіктерін толығымен көрсетуі үшін өсірілетін аймақтын табиғи климаттық жағдайлары сәйкес болуы қажет. Сондықтан да дақыл сорттарын белгілі бір аймақта өсіру үшін міндетті түрде сол аймақтың бүкіл жағдайларының әсерін алдын-ала зерттеп, егер ол сорт әлеуетті мүмкіндігін барынша көрсете алатын болса ғана сол жерге аудандастырылады. Сондықтан жаздық жұмсақ бидайдың сорттарын салыстырмалы түрде жан-жақты зерттеп, аудандастыруға ұсыну дақылды өсіру барысындағы өзекті мәселе болып табылады. Сорттын немесе буданның экологиялық бейімділігі түсінігін әр түрлі топырақ-климаттық, ауа райы және агротехникалық жағдайларында жоғары сапалы өнім беру қабілеттілігі деп түсінеміз. Зерттеудің негізгі мақсаттарының бірі – сол келешегі мол линиялардың ылғалдылық, жел және қоректік режимдері бойынша әрқилы агротанаптарда олардың бейімделу потенциалын анықтау болып табылды. Тың аймақтын климаты өзінің тез құбылмалылығымен сипатталады. Бұл Солтүстік Қазақстан өнірінде қарқындылығы әр түрлі қуаншылықтар бес жыл ішінде әдетте екі үш рет қайталанып отырады. Сондықтанда өнімділік көрсеткіштері ауытқып отырады және алғы дақыл мен танап түріне байланысты бұл көрсеткіш 30% дейін жетеді.
URI (Унифицированный идентификатор ресурса): http://hdl.handle.net/123456789/1051
ISSN: 2305-9397
Располагается в коллекциях:Статьи

Файлы этого ресурса:
Файл Описание РазмерФормат 
Максотов Г..pdf159,5 kBpdfПросмотреть/Открыть


Все ресурсы в архиве электронных ресурсов защищены авторским правом, все права сохранены.