Пожалуйста, используйте этот идентификатор, чтобы цитировать или ссылаться на этот ресурс: http://hdl.handle.net/123456789/1598
Название: Асыл тұқымды биелердің арасында аналық жыныс безінің персистентті сары денесінің таралуы
Авторы: Хизат, С.
Джуланов, М. Н.
Нижанский, В.
Кереев, А. К.
Ключевые слова: қр
ғылыми журнал
мерзімдік басылым
отандық басылым
журнал кксон
аналық жыныс безі
персистентті сары дене
жыныс гормондары
Дата публикации: 2020
Издательство: Ғылым және білім №3
Краткий осмотр (реферат): Қазіргі кезеде асыл тұқымды жылқы шаруашылығы санының артуына байланысты, жыл сайын алынатын төлдің саны өткен жылдармен салыстырғанда жақсы нәтижеге ие болып отыр. Дейтұрғанмен аналық жыныс мүшелеріндегі түрлі патологиялар биелердің тұрақты төл беру көрсеткішіне кедергі жасауда. Осы ауытқулардың ішінде персистентті сары дененің биелердің бедеу қалуына айтарлықтай әсерін тигізеді. Мақалада асыл тұқымды жылқы шаруашылықтарындағы биелердің арасында аналық жыныс безінің персисентті сары денесінің таралуы жайлы мәліметтер жинақталған. Персистентті сары дене қалыпты жетілген сары денеден айырмашылығы болмады. Персистентті сары дене 2-3 ай бойы сақталуы мүмкін, онда биелер аталықтарға мінез-құлық көрсетпейді. Персистентті сары денеге диагноз қою үшін мінез-құлықтық бақылау, пальпация, ультрадыбыстық зерттеу, қандағы прогестерон концентрациясын талдау немесе простагландинді енгізуге клиникалық жауап көмегімен қойылуы мүмкін. Сақталған сары дене ультрадыбыстық зерттеу кезінде анық көрінеді. Персистентті сары денесі бар биелер тік ішек арқылы зерттеу кезінде жатырдың жақсы тонусы болады, ал жатыр мойны қынап айнасымен көру кезінде прогестеронның әсерінен тығыз және құрғақ болып көрінеді. Қандағы прогестерон концентрациясы үнемі 1,0 нг/мл жоғары болады. Зерттеуге 132 бас бие алынып, персисентті сары дене жас ерекшелігіне байланысты 10 жастан жоғары биелердің арасында таралуы басым болғаны көрсетілген. Авторлар аталған патология жаз айларында және қыс пен көктемде жиі кездесетіндігін сонымен бірге осы ауру бәйгеге шабатын биелерде көбірек байқалатындығын зерттеу жұмыстарында келтірген.
URI (Унифицированный идентификатор ресурса): http://hdl.handle.net/123456789/1598
ISSN: 2305-9397
Располагается в коллекциях:Статьи

Файлы этого ресурса:
Файл Описание РазмерФормат 
219-223.pdf792,78 kBpdfПросмотреть/Открыть


Все ресурсы в архиве электронных ресурсов защищены авторским правом, все права сохранены.