Пожалуйста, используйте этот идентификатор, чтобы цитировать или ссылаться на этот ресурс:
http://hdl.handle.net/123456789/1842
Название: | Қой ценурозының клиникалық анатомиялық көрінуі |
Авторы: | Мауланов, А. З. Кузембекова, Г. Б. Амиргалиева, С. С. Валиева, Ж. М. |
Ключевые слова: | отандық басылым мерзімді басылым ғылыми журнал қой ценурозы мал дәрігерлігі |
Дата публикации: | 2021 |
Издательство: | Ғылым және білім. - 2021. |
Краткий осмотр (реферат): | Мақалада табиғи жағдайда туындаған қой ценурозының клиникалық көріну белгілері, сонымен қатар мида және ішкі мүшелерде дамыған патологиялық анатомиялық өзгерістері берілген. Ценуроздың клиникалық белгілері аурудың жіті және созылмалы өтуіне қарай әрқалай болатыны, сонымен қатар ценур көпіршіктері басым түрде мидің оң жақ бөлігінде орналасатыны анықталған. Аурудың клиникалық белгілері, көпіршіктің мидың қай бөлігінде орналасуына және мидың зақымдану дәрежесіне тікелей байланысты екені анықталды. Ауру жіті түрде өткенде, ауру аяқ астынан басталған, малдың дене қызуы 410С-қа дейін көтерілген, басын төмен салбыратып, кедергілерге басын тіреген, кейде ауырған мал беталды қозғала берген, көздері бақырайып, үрейленіп қорқыныш сезімі пайда болған, үнемі алға қарай қозғалып кедергілерге соқтығысқан. Көз коньюнктивалары қызарып, қабағы ісінген, мұрнынан созылғыш сұрғылттау түсті қою сұйық аққаны байқалған. Мұрынның кілегейлі қабықтары диффузды түрде қызарып ісінген. Тыныстануы жиілеген. Осы клиникалық белгілеріне қарап, көп жағдайда шаруашылық малдәрігерлері пастереллезге қарсы емдік шараларын жүргізген. Бірақ, емдік шаралар тиімді болмай, ауырған малдар бірнеше күндерден кейін өлім-жітімге ұшыраған. Ценуроздың жіті түрімен ауыр ған қойларды сойып зерттегенде, олардың қоңдылығы орта және ортадан жоғары күйде болғаны анықталды. Көзге ілігерлік кілегейлі қабықтар ақшыл сұрғылт түсті күйде болды. Беткейлі лимфалық түйіндердің көлемі ұлғайма- ған, консистенциясы қаттылау, тілік бетінің суреті сақталған.Тері асты шелі майы азайған және қантамырлары шамалы қанға толған. Ми сауытын ашып қарағанда, ауруға тән ценурлік көпіршіктер байқалмады. Бірақ, мидың жұм сақ қабығының қан тамырлары қанға шамадан тыс толғаны, ұсақ нүктелі қанталаулардың пайда болғаны және оның домбыққаны байқалды. Ми затын тіліп қарағанда, оның қарыншаларында сұрғылт түсті сұйықтың шамадан тыс мол жиналғаны анықталды. Сонымен қатар, мидың сұр қабатына еніп орна ласқан сарғыштау түсті, ирелеңдеп орналасқан ұзындығы 6-8 мм-дей бола тын жіпше тәрізді іздер байқалды. |
URI (Унифицированный идентификатор ресурса): | http://hdl.handle.net/123456789/1842 |
ISSN: | 2305-9397 |
Располагается в коллекциях: | Статьи |
Файлы этого ресурса:
Файл | Описание | Размер | Формат | |
---|---|---|---|---|
116-124.pdf | 1,14 MB | Просмотреть/Открыть |
Все ресурсы в архиве электронных ресурсов защищены авторским правом, все права сохранены.