Пожалуйста, используйте этот идентификатор, чтобы цитировать или ссылаться на этот ресурс: http://hdl.handle.net/123456789/2319
Название: Дискілі сіңіргіштерді жетілдіру арқылы СЗ-3,6 дән сепкіштің пайдалану тиімділігін арттыру
Авторы: Сарсенов, А. Е.
Кубашева, Ж. К.
Ибраев, А. С.
Павлов, И. М.
Ключевые слова: ғылыми журнал
мерзімдік басылым
отандық басылым
журнал коксон
екі дискілі сіңіргіш
далалық өнгіштік
Дата публикации: 2022
Издательство: Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education № 2-2 (67).
Краткий осмотр (реферат): Авторлармен дәнді дақылдардың өнімділігін арттыратын факторлар келтіріледі. Себу кезіндегі тұқымдарды енгізу технологиясын көктеу энергиясын, өнгіштікті және соңғы нәтижесінде өнімділікті анықтайды. Жұмыстың мақсаты екі дискілі сіңіргіштің конструкциясын жетілдіру жолымен дәнді дақылдардың өнімділігін арттыру. Тұқым түсетін қарықтың түзілуінде және топыраққа тұқым себудегі артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтау үшін қолданыстағы екі дискілі сіңіргіштерге талдау жасалды. Анықталған кемшіліктерді жою үшін дискілі сіңіргішті тұқымдарды қарық түбінің топырағына үстінен басуды және қарық түбіне түскен топырақ кесектерін ұсақтауды қамтамасыз ететін қысқыш пластинамен жабдықтау ұсынылды. Дискінің артынан орнатылған қысқыш пластина сіңіргішпен бірге жылжи отырып, тұқымдарды қарықтың түбіне қарай қысады және оларды енгізу тереңдігі бойынша біркелкі таратады, сонымен қатар қарық түбіне түскен топырақ кесектерін ұсақтайды. Сондай-ақ, 1м2 болатын есептік алаңда жетілдірілген сіңіргішпен себілген тұқымдардың далалық өнгіштігі 205-211 өсімдікті, ал сериялық сіңіргішпен себілген тұқымдардың далалық өнгіштігі 195-199 өсімдікті құрағаны анықталды. Тереңдік бойынша өсімдіктерді біркелкі таралу есебінен жетілдірілген сіңіргіштермен жабдықталған сепкішпен себілген есептік алаңда жаздық бидайдың биологиялық өнімділігі 14,6 ц/га, ал сериялық сіңіргіштерімен сепкішпен себілген есептік алаңда биологиялық өнімділігі 13,3 ц/га құрады. Ұсынылып отырған сіңіргіштін жетілдірген конструкциясы агротехника талаптарын қанағаттандыру бойынша техникалық мәселені неғұрлым толық шешеді және далалық өнгіштікті 4% - ға дейін, ал дәнді дақылдардың өнімділігін 10% - ға дейін арттыруды қамтамасыз етеді.
URI (Унифицированный идентификатор ресурса): http://hdl.handle.net/123456789/2319
ISSN: 2305-9397
Располагается в коллекциях:Статьи

Файлы этого ресурса:
Файл Описание РазмерФормат 
НиО № 2, ТОМ 2_130-140.pdf1,18 MBpdfПросмотреть/Открыть


Все ресурсы в архиве электронных ресурсов защищены авторским правом, все права сохранены.