Пожалуйста, используйте этот идентификатор, чтобы цитировать или ссылаться на этот ресурс: http://hdl.handle.net/123456789/2644
Название: Астық шаруашылығының материалдық-техникалық базасын жаңартудағы мемлекеттік қолдаудың рөлі
Авторы: Нурсапина, К. У.
Ключевые слова: ғылыми журнал
отандық басылым
конференции
ауыл шаруашылық экономикасы
астық шаруашылығы
астық өндірісі
лизинг
субсидия
Дата публикации: 2023
Издательство: Ғылым, зерттеулер, білім беру: даму үрдістері: ХХІІІ халықаралық ғылыми-практ. конф. материалдары=Science, research, education: development trends: The materials of the XXIII international scientific and practical conf. =Наука, исследования, образование: тенденции развития: мат. ХХІІІ междунар. науч.-практ. конф. (Уральск, 14 апреля 2023 г.) / ЗКАТУ им. Жангир хана // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2023. - № 2 (71) : қосымша № 1.
Краткий осмотр (реферат): Жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын матеериалдық-техникалық базамен жарақтандырудың жай-күйі мен дамуының негізгі мәселелерін ашып көрсету, сондай-ақ оларды аграрлық ұйымдарда оны пайдалану түрлері мен мерзімдері бойынша ауыл шаруашылығы техникасы паркін талдау негізінде шешу жолдарын ұсыну болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жаңғыртудың ұйымдастырушылық-экономикалық тетігінің негізгі элементі ретінде ауылшаруашылық техникасы нарығын дамытудың негізгі бағыттары негізделген. 2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының астық шаруашылығын техникалық-технологиялық жаңғыртудың перспективалары негізделді. Мақала астық өндірісінің материалдық-техникалық базасының жай-күйін және оның астық өндірісінің тиімділігіне әсерін егжей-тегжейлі талдауға арналған. Мақалада ауылшаруашылық өндірісінің прогрессивті дамуының негізгі нәтижелері заманауи жоғары өнімді ауылшаруашылық техникаларын пайдаланбай мүмкін емес екендігі қарастырылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының астық шаруашылығын материалдық-техникалық базамен жарақтандырудың жай-күйі мен дамуының негізгі мәселелері ашылады, сондай-ақ оларды астық өндірісі мен техникалық қамтамасыз етуді дамытудың маңызды көрсеткіштері бойынша деректерге салыстырмалы талдау жүргізілді. Жүргізілген зерттеу негізінде соңғы жылдары елде техника мен жабдықтар паркі қысқарып, техника бірлігіне жүктеме артқаны анықталды. Жоғарыдағы мәселелерді шешу үшін ауылшаруашылық техникасын лизингке беруді дамыту, тиімді аймақтық және ұлттық бағдарламалар жасау арқылы астық өндірісін материалдық-техникалық базамен қайта жарақтандыру қажет деп тұжырымдалады. Сонымен қатар, материалдық-техникалық базаның амортизациялық тозуы мен оны астық шаруашылығы өндірісіндегі жаңарту мәселелеріне назар аударылады. Материалдық-техникалық базаны жаңғыртуды мемлекеттік ынталандыру тетігін жетілдіру жөнінде ұсыныстар берілді.
URI (Унифицированный идентификатор ресурса): http://hdl.handle.net/123456789/2644
Располагается в коллекциях:Материалы конференции

Файлы этого ресурса:
Файл Описание РазмерФормат 
№ 2 (71) 2023 қосымша №1, 2023_130-137.pdf1,06 MBpdfПросмотреть/Открыть


Все ресурсы в архиве электронных ресурсов защищены авторским правом, все права сохранены.