Пожалуйста, используйте этот идентификатор, чтобы цитировать или ссылаться на этот ресурс: http://hdl.handle.net/123456789/3402
Название: Субклиникалық маститтің алдын алуға бағытталған ветеринариялық-санитариялық шаралардың тиімділігі
Авторы: Танбаева, Г. А.
Тагаев, О. О.
Барахов, Б. Б.
Ключевые слова: бқо
ҚР
ғылыми журнал
журнал кокснво
субклиникалық мастит
дезинфекциялық препарат
сомотикалық торша
БҚАТУ
Дата публикации: 2024
Издательство: Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - № 3-1 (76). Б. І. - Б. 85-95
Краткий осмотр (реферат): Бұл ғылыми мақалада, сауын сиырлардың арасында кеңінен таралған субклиникалық маститтің алдын алуға бағытталған ветеринариялық санитариялық шараларды жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде алынған сандық мәліметтер келтірілді. Субклиникалық мастит - бұл желіннің қабынуымен сипатталатын және айқын көріністерсіз өтетін бактериялық ауру. Сонымен қатар, сиырлар біртіндеп сүт өнімділігін жоғалтады, ал сүттің сапасы айтарлықтай төмендейді. Сондай-ақ, оның құрамында патогендік микрофлора бар. Сиырларда субклиникалық маститтің дамуы негізінен сауу немесе суалуға жіберу техникасының дұрыс болмауы және алдын алу шараларының орындалмауымен байланысты. Субклиникалық маститтің таралуына әсер етуші факторлардың бірі – сауын сиырлардың желіні мен үрпілерінің тазалық деңгейінің категорияларына да байланысты. Тазалық деңгейін зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ШҚ «Айдарбаев Е.С.», АҚ «АПК «Адал» және ЖШС «Амиран Агро» шаруашылықтарында 2 және 3-ші категориялы ластану дәрежесі анықталды. Бұл өз кезегінде субклиникалық маститтің таралу қауіптілігінің жоғары екенін көрсетеді. Зерттеуге алынған шаруашылықтарда маститті диагностикалау жұмыстарының нәтижесінде, сауын сиырлардың жалпы (субклиникалық және клиникалық) маститке шалдығу мөлшері: «Амиран Агро» шаруашылығында – 17,6%, «АПК «Адал» шаруашылығында– 28,2 %, «Айдарбаев Е.С.» шаруа қожалығында – 32,8 %-ды көрсетті. Субклиникалық маститтің алдын алу үшін «Промиксан» препаратымен сауын сиырлардың желіні мен үрпілерін сауыннан кейін 1 ай бойы санитариялық өңдеу жұмыстарының нәтижесінде, «Амиран Агро» шаруашылығында – 96,7 %, «АПК «Адал» шаруашылығында – 93,8 %, «Айдарбаев Е.С.» шаруа қожалығында – 91,2 % терапевтік әсерін көрсетіп, сауын сиырлардың субклиникалық маститтен айығуына көмегін тигізді.
URI (Унифицированный идентификатор ресурса): http://hdl.handle.net/123456789/3402
ISSN: 2305-9397
Располагается в коллекциях:Статьи

Файлы этого ресурса:
Файл Описание РазмерФормат 
6309.pdf700,3 kBpdfПросмотреть/Открыть


Все ресурсы в архиве электронных ресурсов защищены авторским правом, все права сохранены.