Пожалуйста, используйте этот идентификатор, чтобы цитировать или ссылаться на этот ресурс: http://hdl.handle.net/123456789/3417
Название: Батыс Қазақстан облысында мақсарының өсіру технологиясы элементтерін зерттеу
Авторы: Насиев, Б. Н.
Жанаталапов, Н. Ж.
Беккалиев, А. К.
Беккалиева, А. К.
Салықова, А. С.
Сабырғали, Ә. Т.
Хайруш, А. А.
Ключевые слова: ғылыми журнал
қр
журнал кокснво
мақсары
мақсары егістіктері
тумат
биосинергин
минералды тыңайтқыштар
бту биокешені
БҚАТУ
Дата публикации: 2024
Издательство: Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - 2-2 (75). Б. ІІ. - Б. 131-140
Краткий осмотр (реферат): Қазіргі уақытта планетамызда мақсары 1 миллион гектардан астам жерде өсіріледі. Өсірілетін негізгі аймағына дала мен шөлейтті жерлер жатады. Ол Африкада (Абиссиния, Египет), Азияда (көбінесе Үндістан мен Иранда), Еуропада, Америкада (басым бөлігі Оңтүстік және Орта Америкада), Австралияда ойдағыдай өсіріледі. Қазақстанда мақсарының егіс алқаптары 400 мың гектарға дейін орналасқан. Мақсары егіс алқаптарының мөлшері жөнінен Үндістан бірінші орында, ал өндіріс көлемі бойынша екінші орында, бірақ егіншілік мәдениетінің төмен болуына байланысты тұқым өнімділігі (орта есеппен) тек 0,3...0,5 т/га жетеді. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған ұлттық тұжырымдамасы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін ұлғайту көзделген. Осыған байланысты, жақын арада өсімдік шаруашылығы саласында әртараптандыру, бидай алқаптарының бір бөлігін неғұрлым жоғары сұранысқа ие дақылдармен (азықтық және майлы) ауыстыру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады, бұл дақылдардың өнімділігінің ауа райы жағдайларына тәуелділігін төмендету үшін де маңызды болып табылады. Cоңғы жылдары фермерлер мен тауар өндірушілер құрғақшылыққа өте төзімді, экономикалық тұрғыда рентабельді дақыл – мақсарының егіс көлемін көбейтіп отыр. Атап айтқанда, соңғы 5 жылда облыс бойынша мақсарының егіс көлемі 5 мыңнан 123,2 мың гектарға өсіп отыр. Дегенменде, бұл дақыл облыстың био-климаттық ресурстарын толық мүмкіндікте пайдаланбау себебінен өнімділігі 5-6 ц/га, ал майлылығы 25-28% аралығында. Осыған байланысты ғылыми-зерттеуде мақсарыны өсіруге арналған биологиялық технологиялардың Батыс Қазақстанның қара қоңыр топырақтарының биологиялық белсенділігіне әсерін зерттеу қарастырылады. Зерттеу жұмыстары БҚО 1 құрғақ дала аймағына жататын Бәйтерек ауданы «Дәуқара» шаруа қожалығы мекемесінде жүргізілді. Мақсарыға өсіру технологиясын элементтерін зерттеу бойынша қажетті теориялық деректер алынды. Бұл нәтижелер Батыс Қазақстан облысында мақсарын дақылын өсіріп, сапалы, мол өнім алуға септігін тигізбек.
URI (Унифицированный идентификатор ресурса): http://hdl.handle.net/123456789/3417
ISSN: 2305-9397
Располагается в коллекциях:Статьи

Файлы этого ресурса:
Файл Описание РазмерФормат 
6324.pdf1,24 MBpdfПросмотреть/Открыть


Все ресурсы в архиве электронных ресурсов защищены авторским правом, все права сохранены.