Пожалуйста, используйте этот идентификатор, чтобы цитировать или ссылаться на этот ресурс: http://hdl.handle.net/123456789/983
Название: Атырау облысының фитосанитариялық ахуалы
Авторы: Ирзағалиев, Қ. С.
Калиева, А. Я.
Казиева, А. С.
Ключевые слова: отандық басылым
пестицидтер
ғылыми журнал
гексакоптер
қр
дрондар
мерзімдік басылым
шегіртке
фитосанитариялық мониторинг
өсімдікті қорғау
Дата публикации: 2019
Издательство: Ғылым және білім №1
Краткий осмотр (реферат): Біздің елімізде жыл сайын үйірлі шегірткелермен күресу үшін пестицидтерді бүрку арқылы химиялық әдіс қолданылады. Фитосанитариялық мониторинг жүргізу өсімдіктерді қорғау саласындағы басты фактор болып табылады. Өңірдегі зиянкеске қарсы күрес шараларының құрамына мониторинг, ерте анықтау, табылған ошақ туралы жедел түрде тиісті органдарға хабарлау, оны жедел түрде қаперге алу, ақпараттар жинағы мен болжам жасау, төтенше жағдайға жан-жақты дайын болу, жергілікті халық арасында жеке гигиена және қауіпсіздік шаралары туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, тиімді пестицидтерді таңдау, өсімдік қорғау шараларын қоршаған ортаға залал келтірмеу мақсатында барлық жауапты органдарды жұмылдыра жан-жақты бақылау және т.б. алдын алу шаралары енеді. Яғни, өсімдіктерді зиянды организмдерден қорғаудың «превентивті» тәсілі бүгінгі таңдағы шегіртке зиянкесімен күрес шараларының ішіндегі бірден-бір ұтымдысы болып табылады. Бұл шараның пайдалы тұсы - шабындықтар мен егістік жерлерге шегірткеден келер залалды азайту.Бұл дегеніміз ауыл халықының әлеуметтік жағдайына, азық-түлік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға келер қауіпті, сонымен қатар шегірткеге қарсы жүргізілетін іс-шаралар шығынын азайтуға оң әсерін тигізеді.Осыған байланысты жақын арада өндіріске талдау жүргізу ережелерін автоматтандыруды енгізу,зиянкестердің дамуы мен таралуын болжау, географиялық ақпараттық жүйе(ГАЖ) технологиясын дамыту арқылы зерттеу әдістерін жетілдіру ұсынылады.
URI (Унифицированный идентификатор ресурса): http://hdl.handle.net/123456789/983
ISSN: 2305-9397
Располагается в коллекциях:Статьи

Файлы этого ресурса:
Файл Описание РазмерФормат 
22.pdf186,21 kBpdfПросмотреть/Открыть


Все ресурсы в архиве электронных ресурсов защищены авторским правом, все права сохранены.